«ЭКСПО-2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам тамашалаған

13.09.2017

«ЭКСПО» қалашығы аумағындағы ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың 15-желтоқсанына дейін жүргізіледі. Көрме аяқталғанымен, ауқымды шараның келесі маңызды кезеңі басталмақ. Яғни, келешекте халықаралық қаржы орталығымен қатар, ірі ғылыми зерттеу орталықтарын, әлемге танымал  медиа-хаб алаңын  ашу көзделіп отыр.

Бастапқыда «ЭКСПО»-ға 2 миллион қонақ келеді деп күтілген-ді. Алайда, көрменің қорытындысы бойынша, меймандар межеден екі есеге асып, 4 миллионға жуықтады. Нақты саны да белгілі. 3 миллион  977 мың 545 адам. Оның  15 пайызы, яғни, 600 мыңға жуығы - шетелдіктер. Қонақтардың көбі -  Қытайдан. Себебі, көрші елдің туризм агенттіктері көрмеге қатты қызығушылық танытқан екен. Ал, 200 мыңға жуық кісі Еуропа, Солтүстік Америка сынды алыс шетелдерден келген.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу