«Таңшолпанның» журналисі Ботагөз Советқызы «ЭКСПО» алаңынан тікелей байланысқа шығып, жабылу салтанатына дайындық барысымен таныстырды.
Бүгін - «ЭКСПО»-ның соңғы күні. Жабылу салтанатына дайындық қызу жүруде. Жалпы, өткен аптаның есебімен «ЭКСПО»-ға 3млн.600 мыңнан аса адам қонаққа келген. Сонымен қатар, көрме аумағында 3 мыңнан аса мәдени іс-шаралар өткізілді.
Бүгін көрме штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық павильондар қонақтарды таңғы кешкі сағат 20.00-ге дейін қабылдайды.
«Qazaqstan» Ұлттық арнасы бүгін 20:00-де «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.