«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан Қарағанды облысының  мәдениет күндері жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан Қарағанды облысының  мәдениет күндері жалғасуда

08.09.2017

Өңір тарихын, өндірісін, өнері мен мәдениетін таныстыру мақсатында Елордада кенді өңірдің көрмесі ұйымдастырылды. Онда 300-ден аса жәдігер халық назарына ұсынылды. Үш күн бойы жалғасатын көрмеден жұртшылық Сарыарқа төсінен табылған «Алтын адам» мүсінінің, көне шағатай жазуы таңбаланған белгі тастың көшірмесін, сондай-ақ, басқа да бірегей тарихи жәдігерлерді тамашалай алады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу