Ахметжан Есімов пен Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов пен Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті

06.09.2017

«ЭКСПО» көрмесінің абыройлы өтуіне еріктілердің еңбегі ерен болды. Бүгін Ахметжан Есімов пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен еріктілер форумы өтті. Шара барысында  «ЭКСПО-2017» ұлттық компания басшысы үздік волонтерларды марапаттап, алғысын білдірді.

Айта кетейік, көрмеде 4 жарым мың ерікті қызмет етті. Олардың 200-ден астамы шетелдерден келген. Ең жас ерікті 14 жаста болса, ең үлкені 84 жаста болған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу