Астана қаласындағы Қарағанды облысының мәдени күндері аясында «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі өнер көрсетуде.
Осыған орай «Тоқырауын толқындары» ансамблі мен ҚР мәдениет саласының үздігі, мәдени-сауық орталығының директоры Нұрлан Жұмашұлы Күлшікенов бағдарлама қонақтары болды.
«Ансамбльдің жұмысы 70-ші жылдары басталды. 1975 жылы оған халықтық атаған алды. Бірнеше шет елдерінде болдық. Әрқашан да кез келген облыстық мәдени шаралардың ортасындамыз. Біздің ансамбль атадан әкеге, әкеден балаға өткен. Менің жүргеніме 41 жыл болды. Бір жанұядан шыққан әртістер көп. Өзімнің мысалы жұбайым, балам да ансамбль құрамында.
Алда жоспарлар көп. Ауылдағы шараларға жастарды қатыстырамыз. Ансамбль құрамында 25-30 адам міндетті түрде қатысады. Ал шақырылатын өнерпаздармен бірге 60 адам.
Жуырда Қазыбек би бабамыздың 350 жылдығын тойлауда өнер көрсеттік. Жақында Түркия еліне бару мәселесі қарастырылып жатыр.
Елордаға бұрын келгеннен осы жолы келуіміз бөлек. Себебі көптен күткен «ЭКСПО-2017» көрмеге шет елден қонақтар келіп жатыр. Ұйымдастырылған концерттер, халықтың ілтипаты өте жоғары. Опера шеберлерін қарсы алу бізге жүктелді. Бұл - үлкен бақ, сенім», - дейді Нұрлан Жұмашұлы.