«ЭКСПО» қалашығында алғаш рет тағам фестивалі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» қалашығында алғаш рет тағам фестивалі ұйымдастырылды

01.09.2017

«Астана фуд фестиваль» атымен өткізілген шарада көрмеге қатысып жатқан елдер өздерінің ұлттық тағамдарын таныстырды. «ЭКСПО» қонақтары Еуропа мен Азия, Латын Америкасы мен Тынық мұхитындағы аралдардың дастарханынан дәм татты. Өзбектердің палауы, Италия ірімшігі, Қытайдың ащы салаттары көп сұранысқа ие болды. Тағамдар арзандатылған бағамен сатылды. Стендке келген адамдар алдымен ұнаған астан тегін дәм татып, кейін оны сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу