Бүгінгі шикізат нарығындағы баға тұрақсыздығынан «Microsoft» компаниясының табысы 11 пайызға азайған.
Бұған басты себеп - тұтынушылардың бағасы қымбат компьютерлік бағдарламалардан бас тартуы.
Өткен қазан, қараша, желтоқсан айларында компанияға түскен қаражат 5 миллиард 900 миллион долларға кеміген.
«Microsoft» 2014 жылдың шілде айында 13 мың қызметкерін жұмыстан шығарса, қыркүйек айында тағы 2100 адамды қысқартты.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ