Бүгін Нидерланд Корольдігінің павильонында темір тұлпарды тізгіндеген өкілдер баспасөз мәслихатын өткізді. Олар болашақ жоспарларын айтып берді. Аталған жарыс 2019 жылы өтеді. 40 мың шақырымдық əлемдік додаға əлемнің үздіктері қатысады. Сайыстың бір ерекшелігі кəдімгі көліктерден бөлек электромобильдердің де қатысуында болып отыр.