ЭКСПО-2017: Ауғанстанның ұлттық күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017: Ауғанстанның ұлттық күні өтті

21.08.2017

Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 600 млн. долларға жетті. «ЭКСПО» көрмесінде Ауғанстанның ұлттық күніне арнайы келген Ауғанстан атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулла осылай деді. Ауған премьер-министрі қазақ Президентін осындай шара өткізіп, Орта Азия рухын көтергеніне алғыс білдірді. Сапар барысында Абдолла мырза қазақ Премьер-министрімен, Білім және ғылым министрімен, бизнес өкілдерімен кездесіп, білім, ғылым, сауда, экономикалық бағытта бірқатар келісімдер жасалғанын мәлімдеді. Қазақстан Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. 1000-нан астам ауған студенттеріне 50 млн. доллар көлемінде қаржы бөліп, медицина, инженерия саласында жоғары білім алуға жол ашты.

 

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу