Бұл провинцияның ерекшелігі - мұнда Ақсай-Қазақ автономы бар. Ол жерде 4-5 мыңға жуық қазақ тұрады. Сонымен қатар, Қытайдың темір жолы Ганьсу арқылы Қазақстанға өтеді. «Бұл орайда, темір жол саласында ынтымақтастықты арттырып, әлеуетін көтеру керек», - дейді тараптар. Ауыл шаруашылығы, техника саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, дәл осы провиницяда Күннен қуат алатын баламалы қуат көздері бар. Жел энергетикасын да дамытқан. Қазақстандық өкілдер осы жобалармен жақынырақ танысты.
Индира БЕГАЙДАР