«ЭКСПО» көрмесіне бас-аяғы 27 мыңға жуық оқушы келіп қайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесіне бас-аяғы 27 мыңға жуық оқушы келіп қайтпақ

16.08.2017

Төрткүл дүние көзін тіккен «ЭКСПО» көрмесінен шығысқазақстандық шәкірттер де шет қалмады. Тарихи оқиғаның куәсі болу үшін елордаға бас-аяғы 27 мыңға жуық оқушы келіп қайтпақ. 17 мыңнан астам бала көрмені тегін тамашалауға жолдама алды. Олимпиада жеңімпаздары, яғни, дарынды өрендер көрмені тамашалап, Астананың көрікті жерлерін аралап қайтуда. Аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға да «ЭКСПО»-ға тегін келіп-кету үшін барлық жағдай жасалған. Бұл үшін облыстық және жергілікті бюджеттен барлығы 530 миллион теңге бөлінген. Шығысқазақстандық балғындардың Астанаға сапарын қызықты ұйымдастыру үшін танымдық экскурсиялар өткізілуде. 

Хабарламаларға жазылу