«Тур Де ЭКСПО» веложарысының бас жүлдесін әлемнің бес дүркін чемпионы Эд Кленси иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур Де ЭКСПО» веложарысының бас жүлдесін әлемнің бес дүркін чемпионы Эд Кленси иеленді

14.08.2017

«Astana EXPO 2017 International Criterium». Осындай атаумен елордада кәсіби тас жол веложарысы өтті. «ЭКСПО» көрмесі аясында ұйымдастырылан шараға велоспорт бойынша Олимпиада ойындарының жүлдегерлерінен құралған 15 команда мен 5 ұлттық құрама келді. Веложарысқа Британдық Team Sky клубының мүшесі, «Тур де Франс» жеңімпазы Крис Фрум да қатысты. Жарыстың бағдары - «Байтерек» монументі айналасындағы Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері бойынша 50 шақырым жер. Шабандоздардың жарысын Әсет Исекешев, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Александр Винокуровтар тамашалады. Үшінші орынды британдық Скот Сандерланд иеленсе, екінші болып италиялық Николас Марини келді. Бас жүлдені Олимпиаданың үш дүркін, әлемнің 5 дүркін чемпионы британдық Эд Кленси қанжығасына байлады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу