Танымал түрік телехикаясы «Ертұғырылда» басты рөлдерді сомдаған актерлер Астанаға келді. Бүгін «ЭКСПО»-да Түркияның ұлттық күні болып жатыр. Бауырлас ел Қазақстанға ұлттық тағамдарын әкеліп, жиналғандарға концерттік бағдарлама сыйлады. Халық әсіресе, «Ертұғырыл» телехикаясының актерлерімен кездесуді асыға күтті. Ал, Ұлттық арна танымал өнер адамдарымен эксклюзивті сұхбат жазды.
Айта кетейік, «Ертұғырыл» телехикаясының біздің арнада көрсетіліп жатқанына екі ай. Аз уақыт ішінде сериал көрермен көзайымына айналып үлгерді. Телехикаяда Бамсы Бейректің рөлін сомдаған Нуреттин Сөнмез және Тургут Альпті ойнаған Дженгиз Джошкун Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.
Альбина ӘШІМ