Өзбекстан павильоны газбен жүретін соңғы үлгідегі автобусты таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан павильоны газбен жүретін соңғы үлгідегі автобусты таныстырды

09.08.2017

«Экспо-2017» көрмесі аясында Өзбекстан павильоны газбен жүретін, соңғы үлгідегі автобусты таныстырды. Қоршаған ортаға, жолдарға еш зияны жоқ қоғамдық көлік – өзбек пен немістің біріккен жобасы. Көлік шығаратын өзбек компаниясы қазақстандық тараппен осы салада ортақ жобалар іске асыруды көздеп отыр.

Көрме аясында қазір Астанада дәл осындай 4 автобус жолаушыларды тегін тасып жатыр. Бас шаһардың ең ірі қонақүйлері, әуежай бағыттары бойынша жүріп, қонақтарды Экспо қалашығына әкеледі. Автобустың жалпы салмағы – 12 тонна. Компания өкілдерінің айтуынша, газ баллондарды көліктің төбесіне орналастырған. Сыйымдылығы – 90 адам.

Хабарламаларға жазылу