Бұл туралы «ЭКСПО»-дағы Қытай павильонында болған Цинхай провинциясының күнінде айтылды. Шағын қала тұрғындары көбіне ауыл шаруашылығымен айналысады. Мал бағып, түрлі дәнді дақылдар өсіреді. Цинхайдың климаты Қазақстандыкіне ұқсайтын көрінеді. Бұл аймақта тау да, су да, ну да бар.
«Табиғаты ғана емес, шаһарда 48 ұлттың тату-тәтті өмір сүруі де қазақ еліне жақындығын көрсетеді», - дейді Қытай кәсіпкерлері. Сондықтан болар, көрші ел түрлі салада байланыс орнатуға ниет білдіріп отыр. Осы жиында кілем өндіруші компания енді Астанада да өзінің бөлімшесін ашу жөнінде келісімге келді.
Альбина ӘШІМ