Грекияның сыртқы қарызы 340 миллиард еуроға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияның сыртқы қарызы 340 миллиард еуроға жетті

26.01.2015
Грекияның сыртқы қарызы 340 миллиард еуроға жетті

Грекия парламент сайлауында солшыл «СИРИЗА» коалициясы 39 пайыз дауыс жинады.

Олар парламентте 150-ге жуық орын алып, Үкіметті жасақтауға мүмкіндік алады. «СИРИЗА» партиясының көшбасшысы Алексис Циприс Еуроодақтан шығатынын мәлімдеген еді.

Грекияның сыртқы қарызы 340 миллиард еуроға жеткен. Елдегі орташа айлық – 500 еуро. «СИРИЗА» партиясы бұл көрсеткішті 750 еуроға жеткізбек.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу