«ЭКСПО» көрмесінде  Ұлыбритания павильонын тамашалаушылар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінде  Ұлыбритания павильонын тамашалаушылар көп

19.07.2017

Бүгін «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, Сауда және инвестиция министрі Грег Хэндс пен корольдіктің халықаралық көрмедегі Ұлттық секция комиссары Чарльз Хендримен кездесті. Тараптар қос елдің бүгінгі берік байланысы мен жаңартылатын энергия мәселелерін талқылады.

Ахметжан Есімов жалпы көрмеге, Ұлыбритания павильонына деген келушілердің қызығушылығы артып жатқандығын қуана жеткізді. Осыған дейін халықаралық шараны 1 млн. 200 мың адам тамашалаған.

«Біз көрмеге келушілер 2 млн-ға жетеді деп жоспарлағанбыз. Бүгінгі қарқынмен бұл көрсеткіштен асамыз деген ойымыз бар»,- деді басқарма төрағасы. Ал, Ұлыбритания павильонының өзін қазақстандықтар мен шетелдік туристер 1 млн. 500 мың мәрте келіп көріп кеткен.

 

Жазира ДОСМАҒАМБЕТ

Хабарламаларға жазылу