Мерекелік шара «ЭКСПО» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылды. «K-Culture Party», яғни «Мәдени кеш» деп аталатын концертке сол елдің ең белгілі «Би Уан Эй Фо», «ЭйОуЭй», «Хайлайт» топтары келген. Олар өздерінің хит әндерін орындап, сахнаны жандырды. Кеш екі елдің жоғары деңгейдегі мәдени алмасу алаңына айналды. Себебі, онда корейлік әртістермен қатар, қазақстандық «Ninety One» және «Black Dial» топтары да өнер көрсетті. Жалпы, бұл бес топтың да жанкүйерлері жас жеткіншектер. Залда жиналған 8 мыңдай жас сүйікті топтарына ерекше қошемет көрсетті. Ал, билеттер тегін таратылды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ