Шара фламенко биімен ашылды. Испанияның ресми делегациясын осы елдің Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор бастап келді. Ол өз сөзінде Астанадағы көрмеге қатысу Испанияның саяси-экономикалық және мәдени қатынастарды нығайту үшін жасалған ерікті қадамы екенін ерекше атап өтті. Испания Корольдігінің ұлттық күні аясындағы мәдени шаралар төрт күнге жалғасады. Бұдан бөлек, келесі айда Астана кинотеатрларында Испан киносының фестивалі мен испан тілін насихаттауға арналған өзге де шаралар өтеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ