Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев чехиялық әріптесі Милан Штехпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев чехиялық әріптесі Милан Штехпен кездесті

14.07.2017

Тараптар қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық бағыттарын дамыту жайын талқылады. Ертең Тоқаев пен Штех «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Чехия ұлттық күнінің ашылуына қатысады. Бүгінде екі республиканың заң шығарушы органдары арасындағы әріптестік нығаюда.

Қос мемлекеттің достық байланысы да жан-жақты дамып келеді. Кездесу соңында Милан Штех қазақстандық әріптесін Чехияға ресми сапармен келуге шақырды.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу