Чехия павильонын 100 мың көрермен тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехия павильонын 100 мың көрермен тамашалады

13.07.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Чехия Республикасының алаңын 100 мыңнан астам көрермен тамашалады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Чех Республикасы делегациясының кездесуі барысында айтылды. Павильонда баламалы энергия көздері, қалдықтарды қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы жетістіктері қойылған. Көрмеге ерекше ықыласпен қатысып жатқан мемлекет таңдалған тақырыптың өзектілігін атап өтті.   

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу