«ЭКСПО» көрмесіне арнайы келген Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Теріскейліктер 500 тоннадан астам өнім әкелді. Тауар өндірушілер жалпы сомасы 200 млн. теңгенің азық-түлігін саудалады. Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 115 ұйым қатысты.
Астана тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт, жарма, макарон өнімдері 20 пайыз жеңілдікпен сатылды.