Еліміздің бас қаласына келген жолаушыларға еш қауіп жоқ. Бүгін Астананың әуе және теміржол қақпаларын аралап, ондағы ахуалды өз көзімен көрген тілшілер осындай ой түйіп қайтты. Әсіресе, халықаралық «ЭКСПО» көрмесі қарсаңында бұл мәселенің өзекті бола түскені анық. Алдымен, сақшылар бастаған топ «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы халықаралық әуежайды аралап көрді. Мұндағы жағдай тұрақты.
Жолаушылардың полицейлер сұрағына жауап беріп, олардың ісін оң шыраймен қарсы алғаны қуантты. Жалпы, жыл басынан бері көліктегі полицейлер 9 мыңнан астам әкімшілік іс қозғаған. Ал, соңғы бір ай ішінде 600-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Көбіне, жолаушылар рұқсат етілмеген жерде темекі тартып, ішімдік ішіп жұрттың мазасын алады. Сонымен қоса, бекеттерге кіреберісте жүк тексеру де оң нәтиже беруде.
Ғабит БӨКЕНБАЙ