ЭКСПО-2017: Венесуэланың ұлттық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017: Венесуэланың ұлттық күні

10.07.2017

«Венесуэла-энергия елі». Осы тақырыпты ұран еткен Венесуэла павильоны «ЭКСПО» көрмесі аясында өздерінің ұлттық күнін атап өтті. Осы ретте екі елдің Әнұраны шырқалып, Тулар көкке көтерілді. Ауқымды мәдени шара ұйымдастырылды.

Кариб жағалауын қоныстанған елдің жер қойнауы қазба байлыққа толы. Мұнда «қара алтыннан» басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір сияқты басқа да пайдалы қазбалар өндіріледі. Экспортқа да жөнелтіледі. Павильонға келгендер осы жайлы толыққанды мағлұматтарға қанықты. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу