«ЭКСПО» көрмесі аясында Алматы облысының Қапшағай қаласында баламалы қуат көзін игеру жобасы жүйелі түрде іске асып жатыр. Мұндай бастаманың Қапшағайда қолға алынуы кездейсоқтық емес. Себебі, бұл аймақтың табиғаты аталған қуат көзін ілгерілетуге қолайлы. Мәселен, жылдың 265 күнінде күн сәулесі ұдайы түседі. Сондай-ақ, үлкен су қоймасы бар өлкеде үнемі жел соғып тұрады. Сондықтан, осындай мүмкіндіктерді қалт жібермеу үшін өндірістік қуаты 4,9 мегават 5 жел генераторы орнатылған. Ал, жергілікті билік өкілдері биыл қондырғылардың санын көбейтуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, 2 мегаваттық батареялар бекеті үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Осы бекет арқылы қала маңындағы елді мекендердің біраз бөлігі жарықпен қамтылған.
Алмат ӘБДІРАМАН