Корольдіктен келген 16 компания өкілі қазақстандық инвесторлармен сауда қарым-қатынасын дамытпақ ниетте. Атап айтқанда, таиландтықтар жаңғыртылмалы энергия, азық-түлік, көлік техникалары мен косметикалық өнімдерін ұсынып, оны елімізге экспорттамақ. Сондай-ақ, 40-қа жуық қазақстандық кәсіпкер де отандық өнімдерді ұсынып, сауда байланысын орнатпақ. «Осындай кездесулер екі ел арасындағы сауда байланысын арттырады дейді», - ұйымдастырушылар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ