«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар легі ағылуда. Бүгін солардың бір тобы оңтүстік өңірден келіп жетті. Дені - білімімен дараланған озат оқушылар. Арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары да бар. Жазғы демалыс кезінде көрмені тамашалауға облыстан 3,5 мыңдай бала келмек. Олардың 1 600-інің келіп-кету шығынын жергілікті билік өз мойнына алып отыр. Ал, өзгелеріне жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетпек. Жалпы, үш ай демалыс кезінде республика бойынша 40 мыңдай бала көрмені тегін тамашалайтын болады.
Шынар АСАНҚЫЗЫ