«ЭКСПО» көрмесіне тек қала қонақтары мен туристер ғана емес, жер-жаһанды шарлап жүрген жиһанкездер де арнайы келуде. Соның бірі - Артур Огонян. 39 жасар азамат Арменияның тумасы. Ол осыдан жарты жыл бұрын әлемді аралап, сан-ұлттың салт-дәстүрімен танысу үшін елінен велосипедпен шыққан. Осыған дейін Ресей, Якутия, Иран, Түрікменстанда болған жиһанкез Қазақстанға келудің сәтін арнайы көрмеге межелепті.
Айдана ҮСЕНБАЙ