ҚР Халық әртісі Есмұхан Обаев: «ЭКСПО-2017» көрмесінің біздің елде өтуі – үлкен бақыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Халық әртісі Есмұхан Обаев: «ЭКСПО-2017» көрмесінің біздің елде өтуі – үлкен бақыт

22.06.2017

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесші, ҚР халық әртісі Есмұхан Обаев, танымал актриса, әнші Салтанат Бақаева таңғы бағдарламада қонақ болды.

Аталмыш театр көрмеге орай гастрольдік сапармен Елдордаға келген болатын.

«Бұл біздің дәстүрлі түрде өтетін фестиваліміз. Айдың аяғына дейін осында боламыз. Көрермендерге 8 шығарма алып келдік. Соның бірінде Салтанат Қыз Жібектің рөлін сомдайды.

Көрмені көрдік. Қазіргі уақытта театрдың 80 адамы «ЭКСПО» қалашығын аралап жүр. Көрменің біздің елде өтуі – үлкен бақыт», - дейді Есмұхан Обаев.

 

Хабарламаларға жазылу