Терракот әскері – Қытайдың Сиань қаласында табылған, біздің заманымызға дейін 246 жылы өмір сүрген император Цинь Шихуандидің әскері сақталған қабірдің атауы. Терракот әскерінің жалпы саны 8099. Ал, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі көрмеге олардың 5 мүсіні әкелінді.
Жауынгерлердің мүсіні қайталанбас өнер туындысына айналған. Өйткені, олардың әрқайсысы түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жасалған. Әрбір жеке мүсіннің кескіні, тіпті, келбеті де қайталанбайды.
Сонымен қатар, көрмеге әскер сарбаздарынан бөлек 50-ге жуық археологиялық бұйым қойылды. Көрме осы жылдың 10-шы қыркүйегіне дейін жалғасады.