Сапарбек Тұяқбаев: EXPO көрмесі инвестиция саласына жаңа серпіліс береді деген сенімдеміз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапарбек Тұяқбаев: EXPO көрмесі инвестиция саласына жаңа серпіліс береді деген сенімдеміз (ВИДЕО)

18.06.2017

Осыдан тура бір апта бұрын әлем көз тіккен EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі басталды. Жалпы, көрмені Қазақстанда өткізудің қандай қажеттілігі бар?  Көрмеге келіп жатқан елдер не ұсынуда? Біз не көрсете аламыз? Мұндай іс-шараның әлемдік саясаттағы салмағы қандай? Бүгінгі «1 студия» саяси ток-шоуы осы тақырып төңірегінде ой өрбітті.

Инвестиция тарту жағынан EXPO көрмесін қалай пайдалануға болады деген сауалға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев жауап берді.

«Көрменің ашылу салтанаты дүниежүзі бойынша 20 мыңдай БАҚ-да таратылды.  Бұл да EXPO-ның Қазақстанды таныту жолындағы бір ерекшелігі. Инвестицияға келер болсақ, Елбасының арнайы тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, жаңа стратегия  қабылдап жатырмыз.  Одан бөлек, ірі ұлтаралық компаниялар да жұмыс жасауы үшін  «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» құрылды. Осындай әлемдік іс-шараның ашылуы біз үшін де үлкен жетістік.

Өйткені, осы EXPO көрмесі аясында 60-тан астам ірі іс-шара өтеді деп күтілуде. Көрме шетелден келген 50 мыңнан астам кәсіпкерге біздің инвестициялық мүмкіндігімізді көрсетуге жол ашып отыр. Бұл дегеніңіз, біздің салада бір жыл тұрмақ, бес жылдың ішінде қол жеткізе алмайтын көрсеткіш. Сол себепті, EXPO көрмесі инвестиция саласына жаңа серпіліс береді деген сенімдеміз».

Хабарламаларға жазылу