Бүгін «ЭКСПО» қалашығына барған Грузия президенті Георгий Маргвелашвили осылай деді. Сонымен қатар, бүгін Грузияның «ЭКСПО»-дағы ұлттық күні. Осыған орай, тау халқының әні әуелеп, биі орындалды. Жері шағын, халық саны 3 млн-нан астам грузиндер баламалы энергия көздерін іске жаратуда жақсы көрсеткішке жеткен. Сарқырап ағатын тау суының қуаты Тбилиси қаласын толық қуатпен қамтып отыр. Павильонды аралаған әр көрермен осы айтылған сөздерге көз жеткізеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ