Көрменің аумағы өте үлкен. Халық «шар» атап кеткен «Нұрлы әлем» сферасы тура ортада тұр. Сондықтан, тура осы жерде тұрып фотоға түсу «ЭКСПО»-дан қалған негізгі естеліктің бірі болмақ.
Сфераның айналасына павильондар орналасқан. Көрме ішіндегі барлық павильонды аралап шығуға 4 күн кетеді екен. Өзіңізге қызықты елдің павильонын іздеп, біраз жүріп қалуыңыз да мүмкін. Осыны ескерген ұйымдастырушылар бірнеше жерге павильондар нөмірі жазылған тақталар қойған. Әрі көрме аумағындағы волонтерлер қашанда көмекке дайын.
93 күнге созылатын көрмеге шетелдерден 2 миллион қонақ келеді. «ЭКСПО»-ның арқасында ішкі туризм де дамиды. 3 миллионға жуық қонақ тек өз елімізден болмақ. Ал, көрменің кереметін теледидардан тамашалап, әлеуметтік желіден көріп тамсанғандар билетті енді алып жатыр. «ЭКСПО» көрмесінен ел қазынасына 283 млн евро табыс түседі.
Айнұр ОМАР