EXPO-2017. Сахнада энергияның пайда болуы суреттелді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017. Сахнада энергияның пайда болуы суреттелді (ВИДЕО)

09.06.2017

EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетуде.

«Конгресс-холл» сахнасында көрермен назарына ұсынылған қойылымда энергияның пайда болуы суреттелді. Сахна төрінде сфера қалықтап, энергия бейнесін көрсетті.

Адамзат баласы энергияның тылсымына үңіліп, құпиясын білу жолында ғылымға аяқ басқаны белгілі. Сахнада қалықтаған сфера - энергияның бейнесі. Балет биінің қимылдары арқылы осыны бейнеледі.

Сондай-ақ, қойылымнан көрермендер адам баласының Күн энергиясын бағындыру талпынысын тамашалады.

Болашақтың адамы – «супер адам» образы  ұлы өнертапқыш Никола Теслаға арналды. Шағын қойылымда электр қуаты мен оның шексіз мүмкіндіктері бейнеленді. Жалпы, қойылым электр қуатының пайда болуы мен оны адамзат баласының игеруін суреттеді. 

Естеріңізге саламыз, үш айға жалғасатын көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтеді.

Ашылу салтанатын онлайн көру

 

Хабарламаларға жазылу