Олардың басты тақырыбы – «Энергия орталығы» болмақ. Жалпы, Анадолы елі осы шараға бірнеше инновациялық жоба әкелген. Таныстыру рәсімінде павильонның экспозициясы туралы бейнебаян көрсетіліп, соңында журналистер мен қонақтарға түрік халқының мәдени символдары паш етілді.
Айта кетейік, Түркия халықаралық ЭКСПО көрмесіне осымен 34-ші рет қатысып отыр. Өткен жылы олар өз елінде де «Балалар және гүлдер» тақырыбында осындай көрме өткізген еді. Ал, Астанадағы Түркия павильоны мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Оның жанында Таиланд, Иордания және Әзірбайжан павильондары орналасқан.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ