Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері Назарбаев Университетінің студенттерімен кездесті. Ондағы мақсат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне волонтерлерді іріктеу. Яғни, ұйым осы білім ордасынан 50 шәкіртті жасақтап, оларды жан-жақты дайындамақ. Кездесу барысында меймандар студенттерге еріктілердің қандай талапқа сай болу керектігін айтты. Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға қандай қызмет және көмек жиі көрсетілуі мүмкін екендігін баяндады. Аталған ұйым волонтерлер арқылы ауқымды көрмеге өз үлестерін қоспақ.
Азамат НҰҒЫМАНОВ