«ЭКСПО-2017» қонақтарын еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында  Баянауылда жаңа туристік бағыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» қонақтарын еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында  Баянауылда жаңа туристік бағыт ашылды

24.05.2017

Тұмса табиғатымен көз тартатын бұл өңір Павлодар облысында ғана емес, еліміз бойынша туризмді дамытуға қолайлы саналады. Оның үстіне тарихи деректер жетерлік. Тіпті, сонау хандар заманына дейінгі ежелгі сақтар дәуіріндегі жәдігерлер сақталған. Бұрын туристер бұл аумақтарды көлікпен немесе салт атпен аралайтын. Шетелдік меймандардың талғамына сай енді багги немесе квадроциклмен жүруге болады. Ең бастысы, жақында туристік маршруттардың арнайы картасы жасалды. Онда атақты Шоң би, ғалымдар, Ермахан Бекмаханов, Шапық Шөкин, қазақ кино индустриясының негізін қалаған Шәкен Аймановтың кіндік қаны тамған жерлер, қазақтың ханы Абылай ордасының орны жаңа бағыт ретінде енгізілді.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу