Астанада медиа саласындағы соны технологиялардың халықаралық «AT.EXPO - 2017» көрмесі өтті. Оған әлемдік БАҚ аренасында аты шыққан ірі телерадио корпорациялар мен жеке арналардың өкілдері қатысты. Мамандар көпшілікке телевизия саласында қолданылатын соңғы үлгідегі технологиялар мен аудио, видео құралдарын ұсынды. Сондай-ақ, 30-ға жуық жеке компания ақпарат беру жүйесін жетілдіруге арналған тауарларды көрмеге қойды. Екі күнге жалғасатын шара, отандық масс медианың қызмет көрсету мүмкіндігін молайтып, сала мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ол үшін көрме аясында түрлі тақырыпта дәрістер оқылып, арнайы сертификаттар табысталады.
Айдана ҮСЕНБАЙ