«ЭКСПО» көрмесіне қатысу – тағылымы мол тарихи оқиғаға куә болу деген сөз. Қостанайда осы ауқымды шараның маңызы жайлы көпшілікке түсінік беру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.
Халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шараны өткізу ТМД елдерінде алғаш рет Қазақстанға бұйырғаны да - мәртебе. Көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Келушілер мұнда әлемдік деңгейдегі спорттық, мәдени шараларды тамашалай алады. Осы күнге дейін облыста 1132 билет сатылып үлгерген. Олардың бағасы 4 мың теңгеден басталады.
Қазір ел арасында «мұғалімдер мен оқушыларды ЭКСПО билеттерін сатып алуға еріксіз мәжбүрлеп жатыр» деген алыпқашпа әңгіме жүр. Мамандар «бұл ақпарат нақты деректерге негізделмеген», дейді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК