«ЭКСПО» көрмесінде ұлттық тағамдар қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесінде ұлттық тағамдар қойылмақ

08.02.2017
«ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 4 жарым мыңнан аса ерікті жұмылдырылмақ. Бүкіләлемдік шара барысында олар үш ауысым бойынша қызмет атқарады. Мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, мың жарым орынды қамтитын үш бірдей асхана ұйымдастырылатын болады. Ондағы баға да қолжетімді. Мамандардың айтуынша, бір реттік тамақтану құны жан басына шаққанда орташа есеппен 700-800 теңге шамасына келеді.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу