Ғылыми еңбек – «Ұлттық экономиканы модернизациялау жағдайындағы Қазақстанның лизингтік нарығы» деп аталады.
Екі бөлімнен тұратын кітапта автор отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық әлеуетінің деңгейіне тоқталады.
Сондай-ақ, елдің 2010-2014 және 2015-2019 жылдар аралығындағы «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі зерттеледі.
Экспортты дамыту, инвестицияларды тарту, еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді талдау жасалады.
Жазира ИСАЕВА