Қазақстан «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге сақадай сай – Максим Соколов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге сақадай сай – Максим Соколов

24.10.2015
Қазақстан «ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге сақадай сай – Максим Соколов
Қазақстан павильонын көруге арнайы келгенін айтқан министр оны асықпай аралады. Соңғы технологияның көмегімен жабдықталған павильондағы инсталляция алуандығына таңдай қақты.

Ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін шегірткелермен күресудің қазақстандық әдіс-тәсіліне де Максим Соколов жоғары баға берді. Сондай-ақ, министр қазақ мейрамханасынан дәм татып, қазақтың қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу