«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ Қазақстандағы ең ірі әуетасымалдаушы «Air Astana» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Салтанатты қол қою рәсімі «Астана EXPO-2017» ҰК басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың және «Air Astana» әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің қатысуымен өтті.
«Air Astana» - Қазақстандағы ең ірі әуетасымалдаушы, бүгінгі қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымыздың аясында жасалған бірінші қадам. Біз ««Air Astana»» ұшақтарының борттарында EXPO-2017 логотипін орналастырып, әуе компаниясының басшылығымен көрмені ілгерілетуге арналған бірлескен жоспарды әзірлейміз.
Бұл жалпы EXPO-2017 көрмесінің халықаралық алаңдағы имиджіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстанға келген тұлғаларға және әуе компанияның транзиттік жолаушыларына 2017 жылғы көрмеге тегін билеттер ұсынылады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде «Air Astana» компаниясының президенті Питер Фостер: «Алда келе жатқан көрменің тақыры «Болашақ энергиясы» болғандықтан, қоршаған ортаны барынша жақсы қорғауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды ендіруге бағытталған шараларды қабылдап отырмыз.
Дәл осы себепті Париждегі соңғы әуешоуда біз NEО тобына жататын Airbus A320 ұшағын сатып алуға ниетті екеніміз жөнінде мәлімдедік. Бұл ұшақтардың қозғалтқышы ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 15 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
NEО лайнерлері 2016 жылы ендіріледі. EXPO-2017 көрмесіне дайындық үлкен қарқынмен жүргізілуде. Біз Астананың қонақтар алдында өз есігін айқара ашатын сәтін асыға күтудеміз», - деді.