Осы жылғы әлемдік дағдарыс қаржылық сынақтардың ішіндегі ең ұзағы болмақ.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова осылай дейді.
Жалпы ішкі өнім өсімінің баяулауы, қаржылық-тауарлық нарықтағы жағдайдың тұрақсыздануы әлемдік дағдарысты тағы бірнеше жылға созуы мүмкін.
Кейбір сарапшылардың болжамынша, әлемдік дағдарысқа себеп болған мұнай бағасы енді тұрақталады.
Әлия ӘШІМ