Астанада туристік қауымдастықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге қатысушылар қаланың туристік тартымдылығы деңгейін арттыру сұрақтарын талқылады.
Шараға «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС, «Туризм Индустриясы Одағы» және «Arman-tour» туристік компаниясының өкілдері қатысты.
Туризм индустриясының одағы - 2015 жылы бизнес қауымдастықтың бастамасымен Қазақстанның туристік индустриясын дамыту саласында күш біріктіру мақсатында құрылған ірі туристік бірлестіктер одағы.
«Recommendedby EXPO-2017» Астана қаласының серіктестігі бағдарламасын дайындау және іске асыру аясында қонақүйлерге, қоғамдық тамақтану нысандарына және жолаушылар тасымалы қызметтеріне біліктілік талаптарын құру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.
Бұл EXPO-2017 басталғанға дейін туристік инфрақұрылымның барынша көп нысандарының дайындығын жеделдетуге жол ашады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар туризм саласы өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру қажеттігін де атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бюро мен одақ арасында өзара серіктестік туралы Меморандум жасау туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.