2017 жылы Астана мен Милан арасында тікелей рейс ашылмақ. Милан қаласының мэрі Джулиано Пизапиа журналистермен кездесу барысында осылай мәлімдеді.
Оның пікірінше, Астанада EXPO көрмесі өтетіндіктен, мұндай шешім орынды қабылданып отыр. Жаңа рейстің арқасында елімізге келетін туристер саны біршама артпақ.
Астана EXPO-2017 нысанымен танысқан қала мэрі қазіргі жұмыстарға оң бағасын берді.
Айбар ЖАҚСЫБАЕВ