Рәпіл Жошыбаев Ұлыбритания кәсіпкерлерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рәпіл Жошыбаев Ұлыбритания кәсіпкерлерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне шақырды

18.06.2015
Рәпіл Жошыбаев Ұлыбритания кәсіпкерлерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне шақырды

Ағылшын кәсіпкерлері «EXPO-2017» көрмесіне қатысуға ниет білдірді. Бұл туралы бизнесмендер  Лондонда өткен басқосу барысында мәлімдеді.

«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары  Рәпіл Жошыбаев Ұлыбританияға арнайы сапарлап, ел үкіметі мен кәсіпкерлерін Астанада өтетін көрмеге шақырды.

Басқосуға 70-тен астам ірі компания өкілдері жиналды.

«Халықаралық көрме бюросымен келісімшартқа отыру арқылы  қатысушыларға визаны тегін беру көзделіп отыр. Ұлыбритания азаматтары да көрме кезінде Қазақстанға визасыз келе алады», деді басқосуда көрме комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаев.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу