12 маусым күні «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы «OnlineExpo-2017» байқауына қатысатын отандық және жаңа ғылыми-техникалық жоба өнертапқыштарының қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Спикер ретінде «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапқан Арман Ақмаханов, «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ қызметкері Сергей Требухов, аллергия тудырмайтын, мамығы жоқ теректі сұрыптап шығарған қазақстандық биолог Валентина Ободовская қатыспақ.
«OnlineExpo-2017» республикалық байқауының мақсаты - жасыл инновациялар мен жобаларды іріктеу, 2017 жылы елімізде өтетін халықаралық шараға ғалымдар мен өнертапқыштарды тарту.
Байқау 2017 жылға дейін дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. Оның қорытындысы бойынша «Болашақ энергиясы» форумы шеңберінде шағын EXPO көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
Баспасөз мәслихаты сағат 11:00-де басталады.