Ақтаулық оқушылар ЕХРО көрмесіне қойылатын робот құрастырып шығарды. Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп лицейінің тәлімгерлері оқу бағдарламасына енген пәнді осылайша жетілдіріп жатыр.
Мұндай роботтар Ақтауда тұңғыш рет құрастырылып отыр. Құлтемірді лицейдің 8-сынып оқушылары жасаған.
Оқушылар ұсақ-түйек бөлшектерден 5 робот шығады, дейді. Жүк көтергіш құлтемір арнайы пультпен немесе қалта телефоны арқылы басқарылады. Оқушылар үлгіні құрастырып, бұйрық жадын орнату үшін шамамен 2 сағат уақыт жұмсады. Енді дарынды балалар жаңа құлтемірдің үлгісін табу үшін тер төгіп жатыр. Жапония технологиясымен жасақталған құрылғының құны қымбат. Оны оқу орны арнайы тапсырыспен шетелден алдырған.
Жазира ӘБІЛ