Мектеп түлектеріне арналған EXPO-2017 көрмесі туралы эссе байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп түлектеріне арналған EXPO-2017 көрмесі туралы эссе байқауы басталды

05.04.2015
Мектеп түлектеріне арналған EXPO-2017 көрмесі туралы эссе байқауы басталды

Қазақстандық оқушылар EXPO жобасы туралы өз әңгімесімен бөлісуге мүмкіндік алады.

«Менің EXPO -2017 көрмесіне қосар үлесім. Қазақстан экономикасын өзімнің болашақ кәсібім арқылы «жасылдандырудың» жолдары» тақырыбына арналған эссе байқауы басталды.  Бәйгеге  биылғы жылдың мектеп және колледж түлектері қатыса алады.

Жеңімпаздар Қытайдың Тау-кен ісі және технологиялар университетінде оқуға арналған гранттармен марапатталады. Сондай-ақ, EXPO -2017 көрмесінде Қазақстанды таныстыру үшін стендші ретінде Миланға баруға мүмкіндік алады.

Байқауға қатысушылар «EXPO көрмесін өткізудің менің елім үшін маңыздылығы», «Қазіргі заманғы әлем үшін «жасыл  технологиялардың» маңыздылығы» және  «Менің кәсібім және Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуына менің қосар үлесім» тақырыбына арналған эссені 1 мамырға дейін жіберу керек.

Шығарманы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазуға болады.

Айта кетейк, байқауды «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ «MyChina»  білім беру орталығымен ынтымақтаса отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі  қолдау көрсетуімен және «Жасыл Ел» Жастар еңбек жасақтары республикалық штабының атсалысуымен ұйымдастырылуда.

 

Хабарламаларға жазылу